Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда 13 банкке 9 млн теңге айыппұл салынды

Алматы прокуратурасы, екінші деңгейлі банктер, мүгедектігі бар адамдар, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2023 10:09 Сурет: pixabay
Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде 13 банкте мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығы бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, прокурорлармен кездесу барысында мүгедектер қоғамының өкілдері қаладағы екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) бөлімшелеріне кіру, қызмет алу қиындық туғызатыны жөнінде мәселе көтерді.

"Прокурорлар қаладағы банктердің бірде-бір бөлімшесі қойылған талаптарға сай келмейтінін анықтады, яғни пандустар, мнемосхемалар, арнайы кассалар және т.б. не талапқа сай емес, не мүлде жоқ... Осыған байланысты Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін Алматы қаласы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті 13 екінші деңгейлі банкті «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 83-бабы бойынша 9 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапқа тартты".Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

Уәкілетті орган барлық банктерге бұзушылықтарды жою және мүгедектігі бар адамдар үшін көзделген жағдайларды жасау туралы ұйғарымдар берді.

"Қазіргі уақытта 8 банк өз бөлімшелерін талапқа сәйкестендіріп үлгерді, қалғандары тиісті шаралар қабылдауда". Алматы қаласының прокуратурасы

Қадағалаушы орган келтірген мәлімет бойынша, Алматыда мүмкіндігі шектеулі 50 мыңнан астам адам тұрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: