Өскеменде бойжеткен қыз жол жиегіндегі қоршау қабырғадан төменге құлап кетті

Оқыс оқиға, биіктен құлау, Өскемен, бойжеткен, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2023 18:37 Сурет: видеодан алынды
Өскеменде Новаторов-Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында бойжеткен қыз жол жиегіндегі қоршау қабырғадан су жағасына құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандандырылған жасақтың құтқарушылары зембілдің көмегімен зардап шегушіні тасымалдап, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Олар оқиға орнында оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, одан кейін оны ауруханаға жеткізді.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі құтқарушыларға полиция қызметкерлері көмектескенін атап өтті.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: