Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлытау облысында кей балабақшалардың ақысы негізсіз көтерілген

Ұлытау облысы, Ұлытау облысы прокуратурасы, балабақшаның төлемақысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2023 10:03 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұлытау облысының прокуратурасы балабақшаларда тамаққа төленетін ақы негізсіз көтерілгенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық прокуратураның 17 қараша күні таратқан мәліметіне сүйенсек, 2023 жылы Ұлытау облысының әкімдігі тарапынан Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Жаңаарқа ауданындағы балабақшаларда жоғары төлемақы белгіленген. 
"Ата-ана төлемақысының мөлшерін (айына бір балаға тамақтану үшін) белгілеу кезінде әкімдік азық-түліктің бөлшек бағасын негізге алған, алайда азық-түліктің көтерме бағасы орта есеппен алғанда бұдан 10-20% арзан", – делінген прокуратураның мәлімдемесінде.
Ұлытау облыстық прокуратурасы қадағалау актісі бойынша 6,5 мың ата-ананың құқығы қалпына келтірілгенін мәлімдеді. Нәтижесінде ата-ана төлемақысының мөлшері 1 мың теңгеге төмендетілді (әкімдіктің қаулысына өзгеріс енгізілді).

Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: