Маңғыстауда 287 жұмыскердің жалақыcы төленді
Сурет: Zakon.kz
Ақтау қаласы прокуратурасы жүргізілген талдау нәтижесінде "Сенім" медициналық клиникасы" ЖШС-нің еңбек заңнамасын бұзу деректері анықталды.
Клиника биыл екі айда 287 жұмыскерге 76 млн теңгеден астам жалақысын төлемеген.
Қала прокуратурасымен мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілген. Қадағалау актісін қарау нәтижесімен жұмыс беруші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР кодексінің 87-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапқа тартылып, оған 100 АЕК мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалған.
"Жалақы бойынша берешек толықтай өтеліп, жұмыскерлердің конституциялық құқығы қалпына келтірілді. Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы Маңғыстау облысы прокуратура органдарының бақылауында", - делінген Маңғыстау облысының прокуратурасы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript