Астанада әскерге шақырылған сарбаздың психикалық жағдайы тексерілмек
Сурет: Zakon.kz
Бір ай бұрын Астанаға әскери борышын өтеуге шақырылған тараздық 18 жастағы жігіттің психикасы бұзылды деген күдікке ілінді. Бірақ сарбаздың анасы армия осылайша "дедовщинаны" жасыруға тырысады деп санайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сарбаздың анасы КТК арнасына жігітті пойызда-ақ ұра бастағанын айтты.
"Балам пойызда ұрып-соға бастағанын айтты. Сосын бөлімшеде бір кіші сержант оны бір бөлмеге алып кіріп, қорқыта бастаған. Оның сөзінше, менің балам сөз тасушы, сол үшін оған көрсетпек. Зорлаймыз деп қорқытқан. Бірақ үлгермеді, өйткені оған біз келдік".Сарбаздың анасы Гүлмира Ұзақбаева
Әйелдің айтуынша, ұлының денесінен көгерген және контузия табылған. Екі сержант жас сарбазды балағаттап, белдікпен ұрғанын мойындаған. Оқиғадан кейін әскерге баруға асыққан Жасұлан Ұзақбай қызмет ете алмай қалды. Ол үнемі анасына дедовщина, зорлаймын деп қорқыту және бас ауруы туралы шағымданған. Жауынгер бірден Астанадан Тараздағы әскери бөлімге ауыстырылды. Бірақ ол жақта да жағдайы қиын болған. Енді елордалық әскерилер мерзімді әскери қызметшінің психикалық жағдайын анықтамақ.
"Қазір Жасұлан Ұзақбай психикалық жағдайын анықтау үшін Астанадағы бас әскери-клиникалық госпитальға жіберілді. Анасының ұлына моральдық қысым көрсетуі, физикалық зорлық-зомбылық көрсетемін деп қорқыту туралы шағымдары бойынша: әскери полиция тексеру жүргізді, айып тағылған жоқ".ҚР Қорғаныс министрлігі Тараз гарнизонының баспасөз қызметінің басшысы Дина Мұхаринова
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript