Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайда бір ауысымда сегіз рет пара алған екі полицей сотқа тартылды

Қостанай, патрульдік полиция, пара, парақор полицей, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2023 09:52 Сурет: Zakon.kz
Қостанайда патрульдік полицияның бұрынғы екі қызметкері көлік жүргізушілерінен пара алғаны үшін сотқа тартылып жатыр. Сотталушылар бір ауысымда 155 мың теңгеден астам "табыс" тапқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс Қостанайдың қылмыстық істер жөніндегі сотында қаралып жатыр. Бұрынғы полицейлерге пара алды деген айып тағылып отыр, бір ауысым бойынша сегіз эпизод анықталды. Бұл жағдай осы жылдың 4 ақпанында болған, деп жазды TobolIfno.
"Инспекторлар Істілеуов пен Қабжанов Қайырбеков-Гоголь көшелерінің қиылысында LED шамдармен жабдықталған "ВАЗ- 2107" автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру барысында қызметкерлер көлік иесінің жүргізуші куәлігінен айырылғанын анықтайды. Автокөлік жүргізушісі хаттама толтырмай, барлығын сол жерде шешуді сұрады. Осылайша ол полицияға 10 мың теңге көлемінде пара берді". Гүлмира Кенжетаева, прокурор

Іс материалдарына сәйкес, бұдан кейін сотталушылар патрульдеуге шығады, Істлеуовке Әйтенов қосылады, олар Екатеринбург – Алматы тас жолында қызмет ете жүріп, тағы сегіз рет пара алған. Жүргізушілер арасында көршілес Ресей азаматтары да бар. Экс-полицейлер алған параның жалпы сомасы 155 мың 303 теңге.

Айыпталушылар соттажауап беруден бас тартты, деп жазады басылым. Соттың жалғасы жақын арада болады.

Астанада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұрынғы орынбасары Нұржан Әлтаевқа қатысты сот үкімі шықты. Ол пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: