Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте баланы терезеден лақтырып жіберді: Көршілер көрген-білгенін айтты

Аурухана, Шымкент, бала, терезе, лақтыру, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2023 20:36 Сурет: primeminister.kz
Шымкентте болған оқыс оқиғаның егжей-тегжейі белгілі болды. Көршілер бір жасар баланы көкесі терезеден лақтырып жібергенін айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың айтуынша, зардап шеккен бала отбасындағы көптен күткен жалғызы. 

"Баланың анасы өте жақсы әйел, расында ажырасқан сияқты, баласымен және ағаларымен бірге тұрады, оларды жалғыз өзі асырап келеді. Оның тағы бір ағасы бар, оған да диагноз қойылған, бірақ ол өзін тыныш ұстайды. Біз баланы терезеден лақтырған ер адамның шалығы барын білетінбіз. Бірақ, бұлай болады деп кім ойлаған. Бәріміз шошып кеттік. Зардап шеккен бала да өте жақсы, кішкентай періште ғой, өте әдепті болатын. Бәріміз бала үшін алаңдаулымыз", деп хабарлайды Otyrar.kz көршінің сөзін келтіре отырып.

Бала қазір облыстық балалар ауруханасында жалпы реанимация бөлімінде жатыр. Оған шұғыл қарқынды көмек көрсетілуде, нейрохирург, абдоминальды хирург, травматолог, реаниматологтан тұратын дәрігерлер консилиумы өткізілді. 

"Консилиумның шешімі бойынша, бас-сүйекке, миға, омыртқа сүйегіне, кеуде қуысына және іш қуысына КТ жүргізілді. Шұғыл ота жасалды: диагностикалық лапараскопия. Диагнозы: мидың ауыр жарақаты, өкпенің, кеуде тұстың зақымданып, көгеруі. Қазіргі уақытта баланың жағдайы ауыр деп саналады. Қарқынды терапия жүргізілуде", - деді Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Шымкентте кісі өлтіруге оқталды деген күдікпен ер адам ұсталды. Ол бір жасар баланы төртінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. Ол балаға көкесі болып келеді. Ер адам психоневрологиялық диспансердің есебіне алынған. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: