Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорғанда әскери қызметкер отқа оранған үйден зейнеткерді аман алып қалды

Жетісу облысы, әскери қызметкер, әскери полиция, өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2023 00:38 Сурет: скриншот
Жетісу облысында әскери полицияның қызметкері қарт кісіні өрттен құтқарып қалды. Төтенше жағдай Талдықорғанда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Талдықорғандағы жеке үйлердің бірінде өрт қауіпсіздігі ережесі бұзылғаны салдарынан өрт шыққан. Өртке оранған үйдің ішінде 87 жастағы қарт әйел болған. Оның көмек сұрап айқайлаған даусын Ерлік Қанашев істіп, үйге қарай жүгірген, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

"Үйдің ішіне кіргенде, дәлізден жүре алмайтын әжені көріп қалдым. Мен оны көтеріп, қауіпсіз жерге апардым. Үйде басқа адам бар ма деп сұрадым. Бірақ оның жауап беруге шамасы келмеді. Мен үйге қайта жүгіріп кірдім, бірақ ол жерде дем алу қиын болды. Содан мен күртешемді басыма байлап, барлық бөлмелерді тексере бастадым. Бақытымызға орай, үйде басқа ешкім жоқ екен", - деді әскери полиция бөлімінің жауынгері Ерлік Қанашев.

Оқиға куәгерлері құтқарушыларды шақырып жатқанда, Ерлік өртті сөндіруге кірісіп кеткен. Үйден газ баллонын шығарып, көршілерден су құбыршегін тартқан. Көп ұзамай өрт сөндірушілер де жеткен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: