Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағанды ​​– Қарқаралы тас жолында жүк көлігі өртенді

Қарағанды облысы, жүк көлігі, өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2023 22:56 Сурет: Zakon.kz
Қарағанды ​​– Аягөз – Бұғаз тас жолында жүк көлігі өртеніп кетті. Өрт электр тогындағы ақаудан шыққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ekaraganda басылымының жазуынша, өртке электр тогының қысқа тұйықталуы себеп болған.
"29 қараша күні сағат 12:45-те Бұқаржырау ауданында, Қарағанды ​​– Аягөз – Бұғаз тас жолының 105-шақырымында өрт шығып, жүк көлігі салонының жалпы аумағы 2 шаршы метр болатын бөлігі жанып кетті. Өрт сағат 13:59-да сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртке көліктің кабинасы мен корпусы арасындағы электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болды", – деп хабарлады Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі басылым тілшісіне.

28 қараша күні Алматы қаласында бірнеше көлік бір-біріне соғылып, салдарынан қалаға кіреберісте үлкен кептеліс пайда болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: