Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда өртенген хостел туралы ТЖМ басшысы: Ол біздің базада тіркеуде болмаған

Хостел, өрт, Алматы, ТЖМ, база, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2023 18:35 Сурет: Zakon.kz
ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министр Серік Шәріпханов 30 қарашада өткен брифинг барысында 13 адамның өмірін жалмаған Алматыда өртенген хостелде төтеншеліктер неге бұрын тексеру жүргізбегенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сырым Шәріпханов атап өткендей, заңсыз хостелді пайдалануға жауапты барлық тұлға, оның ішінде лауазымды тұлғалар тексеру аясында жауапкершілікке тартылады. Олардың кінәсінің дәрежесін сот анықтайтын болады.

Министр ТЖД 13 адамның өмірін қиған өрттің себебі хостел ішінде шегілген темекіден болуы мүмкін деген ақпаратты тексеретінін атап өтті. Сондай-ақ ол өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің бұл нысанды неге бұрын тексермегенін түсіндірді.

"Біз барлығын тексеріп, зардап шеккендерден, онда тұратын адамдардан сұрақ-жауап алатын боламыз. Бұл хостелде біздің өртке қарсы қызмет бөлімшелері болған жоқ, тексермеген, өйткені ол 1,5 ай бұрын ашылған әрі біздің базамызда да тіркеуде жоқ". Сырым Шәріпханов

Министр өртенген хостелде өрт сөндіру құралдары болмағанын атап өтті. Бұл қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзу болып табылады.

Бұған дейін полиция өрт шыққан хостелде заңсыз мигранттарды анықтау мақсатындағы рейд кезінде болғаны белгілі болды.

30 қарашада таңертең Алматыда Әди Шәріпов көшесіндегі хостелден өрт шықты. 13 адам қаза тапты, біреуі ауруханаға жеткізілді. 59 адам жанып жатқан ғимараттан өз бетінше қашып шыққан. 

Әкімдік Алматыда өртенген хостел заңсыз жұмыс істегенін нақтылады.

Өрт фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 292-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары қолға алынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: