Төтеншеліктер елорда тұрғындарына ескерту жасады

Астанада бүгін көктайғақ болады. Осыған байланысты төтеншеліктер қала тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елорданың төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметіне сүйене отырып, 1 желтоқсанда Астанада боран, көктайғақ және қатты жел болады деп күтілетінін хабарлады.
Синоптиктердің мәліметінше, 1 желтоқсанда Астанада қарлы боран, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.
Елордалық ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарын көшеде жүргенде өте мұқият болуға, көктайғақ кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript