Шымкентте қыздарды жезөкшелікпен айналысуға тартқан үш притон жойылды
Сурет: polisia.kz
Шымкентте ҰҚҚКБ қызметкерлері арнайы операция жүргізу барысында жеңгетайлықпен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, 31 жастағы әйел притон ұйымдастыру үшін қала аумағында 3 пәтерді ұзақ мерзімге жалға алған.
"Онда интимдік қызмет көрсететін 10 қыз болған, оның біреуі кәмелет жасқа толмаған қыз екені белгілі болды. Олар Шымкент, Тараз, Алматы, Қостанай қалаларының тұрғындары", – делінген Шымкент ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Полицейлердің мәліметінше, күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында ірі мөлшерде мефедрон тәркіленді.
"Бұл деректерге қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) мен ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігі (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр".Шымкент ПД баспасөз қызметі
Күдікті әйел қамауға алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript