Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкент тұрғынының көлігінен аса ірі мөлшерде мефедрон табылды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2023 11:10 Сурет: ҚР ІІМ
Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция жүргізу барысында ірі есірткі өткізушіні ұстады.

Абай ауданы аумағында 40 жастағы ер адамның басқаруындағы Audi көлігі тоқтатылды. Автокөлік салонын тексеру кезінде жедел уәкілдер ақ түсті ұнтақ заты салынған изолентамен оралған полиэтилен пакет табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 104 грамм синтетикалық мефедрон есірткі заты болып шықты.

Ер адам интернет арқылы есірткі салынған пакеттер жасырылған орындардың координаттарын алып, оларды бір реттік дозаларға бөліп, қала аумағында жасырып жүргені анықталды.

Полиция аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ұсталған азамат 297-баптың 3-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілініп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тәртіп сақшылары есірткімен байланысты кез келген заңсыз іс-әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: