Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада брендтік бутикте ұрлық жасаған азамат ұсталды

Полиция заң бұзған адамды ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2023 10:44 Сурет: Zakon.kz
Сауда желісінің өкілі полицияға жүгініп, белгісіз адам бутиктен спорттық киім мен аяқ киімді алып кеткенін айтып, осылайша 145 мың теңгеге жуық сомада материалдық шығын келтіргені туралы арызданған.

Нұра ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы қала тұрғынын анықтаған.

Тергеу барысында жігіттің сол жақ жағалауда орналасқан ойын-сауық орталығындағы брендтік бутиктердің біріне келгені анықталды.

Күдікті сауда залында клиент кейпінде спорттық киімдерді қарап жүріп, өзіне керектерін таңдап киіну бөлмесіне кіріп кеткен.

Содан кейін ол ұрлыққа қарсы магниттерді шешіп тастап, спорттық киімдерді киіп, дүкеннен шығып кеткен.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілу үстінде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: