"АрселорМиттал Теміртауға" бұрынғы "Қармет" атауы қайтарылуы мүмкін

"АрселорМиттал Теміртауға" бұрынғы "Қармет" атауы қайтарылуы мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2023 12:58 Сурет: ArcelorMittal
Желтоқсанның 8-і күні Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев "АрселорМиттал Теміртауға" бұрынғы "Қармет" атауы қайтарылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр мұны дұрыс деп есептейтінін атап өтті.

"Біздің ойымызша, оның "Қармет" деген тарихи атауын қайтару дұрыс болар еді, облыс қызметкерлері мен тұрғындары бізді қолдайды деп ойлаймын". Қанат Шарлапаев

"АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа инвесторы қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев болады.

2023 жылғы 8 желтоқсан күні Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal арасындағы ArcelorMittal Temirtau және ArcelorMittal Tubular Products Aktau-ды беру жөніндегі келіссөздер аяқталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: