Алматыда жеке тұрғын үй өртенді

Алматыда жеке тұрғын үй өртенді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2023 10:39 Сурет: Zakon.kz
Алматының Наурызбай ауданында өртке оранған үйден бір отбасы құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2023 жылғы 11 желтоқсанда сағат 03:03-те Наурызбай ауданы, Таусамалы ықшамауданындағы Садуақасұлы көшесіндегі үйлердің бірі өртеніп жатқаны жөнінде хабарлама келген.

Мекенжайға жеткен өрт сөндірушер барлау кезінде есеңгіреп қалған бірнеше адамды анықтаған.

Өрт сөндірушілер бір отбасындағы бес адамды аман алып қалды.

Өрт 03:24-те оқшауланып, 03:40-та толығымен сөндірілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: