Ақтауда балабақшада бір жасар баланы ұрған тәрбиешіні полицейлер тергеп жатыр

Ақтауда балабақшада бір жасар баланы ұрған тәрбиешіні полицейлер тергеп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2023 13:21 Сурет: видеодан скриншот
Ақтаудағы балабақшада бір жасар қызды ұрған тәрбиешіге қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Баланың анасы полицияға арыз түсірген. Оның айтуынша, балабақша тәрбиешісі бір жасар қызының бетінен ұрған. Баланың денесінде де көгерген іздер болған.

Бейнебақылау камерасына жазылған бейнежазбадан тәрбиешінің балаларды қалай ұйықтатып жатқанын көруге болады. Бір баланы жатқан жерінен жұлқып алып, бетінен салып қалып, жастыққа лақтырып жіберген.

Полицейлер бұл жайтқа түсініктеме берді.
"Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі ("Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау") бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, 30 жастағы тәрбиеші тергелді. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды", – деген полицейлер Lada.kz басылымына.



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: