Жаңалықтар тізбегі
0

Жетісу облысында қар көшкіні жүруі, аулаларды қызыл су басуы мүмкін екені ескертілді

Қар еру, қызыл су, қар көшкіні, Жетісу облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2023 17:27 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК-ның ауа райы болжамына сәйкес, алдағы күндері Жетісу облысында ауа температурасы +3 градусқа дейін көтеріліп, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ, бұрқасын жел болады, тұман түседі деп күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты, Жетісу облысының ТЖД баспасөз қызметі ескерту жариялады.

Төтеншеліктер мыналарды ескертеді:

  • су айдындарында мұз қабаты жұқарып, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі ықтимал;
  • таулы аймақтарда қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін;
  • елдімекендерде жауын-шашынның түсуі, қардың қарқынды еруіне байланысты аула аумақтарын су басуы мүмкін.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында азаматтарға тағы мыналар ескертіледі:

  • үйлердің жанында орналасқан арықтар мен су өткізетін арнаны уақытылы тазарту;
  • балаларды су айдындарына бақылаусыз жібермеу, мұзда, тік және шайылған жағалауларда болу қаупі туралы ескерту;
  • қарлы тау беткейлеріне шықпау;
  • ауа-райының өзгеруін қадағау және "112" дауылды ескертуі хабарламасын алған кезде, елдімекендерден тыс жерлерге сапарламау ұсынылады.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: