Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдік алаяқтарға көмектескен Қазақстан азаматын ұстады

ҰҚК, шетелдік алаяқтар, Қазақстан азаматы, байланыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2023 14:41 Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен байланыс желілерін заңсыз пайдалануды ұймыдастырған күдікті Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚК баспасөз қызметінің 19 желтоқсанда хабарлауынша, ұсталған азамат заңсыз трафик мен телефон байланысын ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Тергеу болжамы бойынша, ер адам шетелдіктерге қазақстандық нөмірлерге қоңырау шалуға мүмкіндік беретін қызмет көрсеткен.

ҰҚК, шетелдік алаяқтар, Қазақстан азаматы, байланыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2023 14:41

Сурет: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

"Бұл операциялар шетелдік нөмірлерді қазақстандыққа ауыстыратын арнайы құрылғыны және зиян келтіретін бағдарламалық қондырғыларды пайдалана отыра іске асырылған. Салдарынан күдікті ұлттық байланыс операторларына залал келтіре отырып үстеме пайда алған, ал шетелдік алаяқтар оның қызмет көрсетуін пайдалана отырып, Қазақстанның тұрғындарын алдаған", – делінген ҰҚК хабарламасында.

Ведомство Қылмыстық кодекстің 210-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: