Жаңалықтар тізбегі
0

Мұғалім мен оқушылардың жол апатынан қаза болуына байланысты полиция тағы бір қылмыстық іс қозғады

Ақтөбе облысы, жол апаты, оқушылар, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2023 09:05 Сурет: Ақтөбе қаласы ПД баспасөз қызметі
19 желтоқсан күні Ақтөбе облысында тас жолда олимпиадаға кетіп бара жатқан екі оқушы мен мұғалім көз жұмды. Полиция "балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны" үшін екінші қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол-көлік оқиғасына ұшыраған көлік мектептің өтінішінде көрсетілмеген, деп мәлімдеді полиция департаменті. Оның техникалық жағдайы тексерілмеген. Қалған балалар отырған көліктер бойынша мектеп алдын ала өтініш берген. Балалар аман-есен жетті, деп жазды Qoqam-media.kz.
"Олимпиаданы ұйымдастыруда кемшіліктерге жол берілген. Бұл жұмыс аудандық білім бөліміне және мектепке жүктелген. Олимпиадаға және басқа да шараларға баратын арнайы автобустар жоқ. Ақтөбе облысында білім басқармасында 148 автобус жұмыс істейді, бірақ олар 3 және одан да қашық жерде оқитын балаларды тасуға пайдаланылады. Автобустардың арасында жалға алынғандары да бар, олардың техникалық жағдайы бақылауға алынған", – дейді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова.

Екінші қылмыстық іс "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бабы бойынша қозғалды.

Белгілі болғандай, қаза тапқан оқушылардың жасы 15-те және 16-да болған. Ер мұғалім де жарақаттан қайтыс болды. Көлікте барлығы бес оқушы болған, оның үшеуі түрлі жарақаттар алған. Көлік жүргізушісі зардап шеккен жоқ.


"Зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетіледі. Ақтөбе облысының әкімдігі апаттан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады". Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: