СҚО-да алаңдағы жаңа жылдық шырша түгі қалмай өртеніп кетті

Шырша, Жаңа жыл, СҚО, Бескөл ауылы, өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2023 21:45 Сурет: видеодан алынды
27 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылында алаңдағы жаңа жылдық шырша өртеніп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағат 18:40-та ауылдың орталық алаңында тұрған шырша өртеніп кетті. Өрт 4 шаршы метр аумақты қамтыды, деп хабарлайды Петропавловск.news, өңірлік ТЖД-ның қоғаммен байланыс жөніндегі тобына сілтеме жасай отырып.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін өрт сөндірілген. 

"Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығуының алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы", – деді СҚО ТЖД.

Айта кетсек, Маңғыстау облысы Шетпе ауылында алаңда орнатылған бас шырша бір тәулікке жетпей құлап қалған болатын. Бұған қатты жел себеп екені айтылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: