Алматы облысында шағын автобус түгі қалмай өртеніп кетті

Шағын автобус, Алматы облысы, өрт, Mercedes sprinter, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2024 16:49 Сурет: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Алматы облысының Бесқайнар ауылында шағын автобус толығымен өртеніп кетті. Бұл ақпаратты Zakon.kz сайтына облыстық ТЖД нақтылады.

8 маусым күні сағат 10:15-те Талғар қаласының ӨСБ-2 байланыс желісіне Бесқайнар ауылының Центральная көшесінде автокөліктің өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.

"Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер Mercedes Sprinter маркалы көліктің толықтай отқа оранғанын анықтады. Өрт алаңы 14 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 11:02-де жойылды". Алматы облысы ТЖД

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталу үстінде. Қызыл жалынмен Алматы облысы ТЖД-ның төрт қызметкері және бір бірлік техникасы күресті.

Айта кетсек, 8 маусымда Атырауда жолда шетелдіктер мінген жеңіл көлік өртенді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: