Түркістан облысының жолдарында ауа райының нашарлауына байланысты үш бекет қойылды

Өңірде қалың қар жауып, боран соқты.
Осыған байланысты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері республикалық және облыстық маңызы бар жолдарды патрульдеп жатыр.
Түркістан облысынан Жамбыл облысы бағытында Шымкент-Алматы тас жолының Машат және Шақпақ ата асулары жабылды. Апаттың алдын алу үшін бұл аумақта үш бақылау-өткізу бекеті орнатылған.
Полиция қызметкерлері азаматтарды аса қажет болмаса, алыс жолға шықпауға шақырды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript