Қазақстандықтарға рейстер кешігуі мүмкін екені ескертілді
Сурет: Zakon.kz
Елордада 10 қаңтарда қолайсыз ауа райы болды. Азаматтық авиация комитеті Астана әуежайындағы метео жағдайға байланысты ақпарат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін жауған қалың қар мен қатты жел әуе тасымалына да өз ықпалын тигізді. Әуеайлақ қызметі 14:00-20:00 аралығында желдің жылдамдығы 22 м/с-дан 27 м/с дейін жетуі мүмкіндігі туралы хабарлама алды. Мұндай ауа-райында авиациялық қауіпсіздік мақсатында авиакомпаниялардың шешімімен әуе рейстері тоқтатылуы немесе кешіктірілуі мүмкін.
"Дәл қазір әуежайдың әуеайлағында қатты жел соғып тұр, оның жылдамдығы 11 м/с. Алайда желдің екпіні 16м/с дейін жетіп тұр. Бүгін елорда әуежайында 75 рейс жоспарланған еді. Оның 12 рейсі (4 ұшатын, 8 ұшып келетін) ұшақтың кеш келуіне байланысты кешікті. Елордадағы қолайсыз ауа райына байланысты IQ389 Астана-Жезқазған бағытында ұшатын рейс тоқтатылды1", - делінген комитет хабарламасында.
Әуеайлақтағы қалың қарды күреу жұмысы үздіксіз жүріп жатыр. Қазір бұл жұмыстарға 10 арнайы техника жұмылған.
Рейстер туралы ақпаратты Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан nn-airport.kz қарауға болады. Сонымен бірге елорда әуежайында тәулік бойы байланыс орталығы 8(7172)702-999
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript