СҚО полицейлері шетел азаматынан тыйым салынған кітапты тәркіледі

Полиция заң бұзған адамды ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2024 11:55 Сурет: Zakon.kz
Жыл басынан бері тыйым салынған әдебиеттерді әкелудің алғашқы фактісін СҚО полицейлері шекара қызметі қызметкерлерімен бірлесіп анықтады.

Тексеру кезінде Қырғызстан Республикасына барған Ресей Федерациясының азаматынан кітап табылып, тәркіленді.

Бұл ҚР бүкіл аумағына әкелуге, басып шығаруға, сақтауға және таратуға тыйым салынған кітап болатын.

Шетелдікке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік материал жиналды. Қызылжар аудандық сотының шешімімен ол айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды.

СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға тек ғибадат үйлерінде, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар арнайы айқындаған стационарлық үй-жайларда ғана жол берілетінін еске салады.

Полицейлер экстремизмге қарсы жұмыс тұрақты негізде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Өткен жылы облыста діни заңнамаға қатысты 24 бұзушылық анықталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: