Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі кезінде не істеуге болатынын айтты

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі алматылықтарға тағы да үндеу жасады.
Биік үйлерде тұратын алматылықтар білуге тиіс 10 қарапайым ережені есте сақтауды ұсынады:
- Дүрбелеңге түспеңіз, сабырлық сақтаңыз;
- Жер асты дүмпулері кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз, жер сілкініп жатқан уақыт өткенше үйде күтіңіз;
- Жиһаздан, терезелерден, люстрадан алыстаңыз;
- Жасырынатын орын табыңыз (жүк көтергіш/капитал/ішкі қабырғалардың бұрышы);
- Ғимараттан шығыңыз (көп қабатты үйлерде – жерасты дүмпулері тоқтағаннан кейін);
- Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
- Алдын-ала дайындалған «дабыл чемоданын» алыңыз;
- Ғимараттан эвакуациялау кезінде электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
- Жер сілкінісінің қайталануы мүмкін екеніне дайын болыңыз;
- Балаларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіңіз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз