Көкшетауда облыстық соттың ғимаратында өрт болды

Өрт, Көкшетау, Ақмола облыстық соты, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2024 22:34 Сурет: pixabay
12 наурызда Көкшетауда орналасқан Ақмола облыстық сотының ғимаратында өрт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, өрт сағат 19.55-темболды.

"Көкшетау қаласында Назарбаев даңғылында орналасқан әкімшілік ғимаратта өрт болды. Қызыл жалын 40 шаршы метр аумақты қамтыды. Ақмола облысы ТЖД-ның 30 құтқарушысы мен 8 бірлік техникасы дереу шақырту орнына аттанды", делінген хабарламада.

Өрт сағат 20-12-де оқшауланып, 20-30-да толығымен жойылды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталу үстінде. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: