Жаңалықтар тізбегі
0

Талғар ауданы көгінде жарқылдаған жарықтардың не екені белгілі болды

Өрт, Талғар, трасформатор, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2024 21:36 Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде алдымен кешкі қараңғы уақытта көкте жарқылдаған жарықтардың видеосы пайда болды. Видео сипаттамасында бұл Талғар ауданында байқалған көрініс екені айтылады. Кейін трансформаторда қысқа тұйықталу болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі ақпарат таратты. 

"Талғар ауданында трансформатордың қысқа тұйықталуы орын алды. Сағат 19:20-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданының Шымбұлақ ауылында қосалқы станцияда өрт болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткеннен кейін трансформаторда өрт болмағанын, тек қысқа тұйықталуы орын алғанын анықтады. Зардап шеккендер жоқ". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Оқиға орнына ТЖД-ның 7 қызметкері мен 2 техникасы жіберілгені де нақтыланады.


Айта кетсек, бүгін, 14 наурызда кешке Алматы облысының кейбір елдімекендері жарықсыз қалып, өңір әкімдігі түсініктеме берді

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: