Астана – Теміртау тас жолында жүк көлігі аударылып қалды

Жол апаты, Астана – Теміртау тас жолы,  жүк көлігі  , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2024 18:56 Сурет: pixabay
2024 жылы 15 наурызда республикалық маңыздағы "Астана-Теміртау"тас жолының 1301 шақырымында тежегіш жанындағы ілгек (сцепление) механизмінің үзіліп кетуіне байланысты жүк көлігі аударылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, оқыс оқиға салдарынан құрбан болғандар жоқ.

"Оқиға орнына шұғыл жеткен жолшылар жүргізушіге көмектесіп, көлікті сүйреп, тиеуге тырысты. Жол-көлік оқиғасы орнындағы жол жамылғысы таза, көктайғақ жоқ", делінген хабарламада.

Компания автокөлік жүргізушілеріне жолдың осы бөлігіне ерекше назар аударуды сұрайды.

"Жол-пайдалану учаскесінің қызметкерлері қысқа уақытта үздіксіз қозғалысты қамтамасыз етеді", – деп атап өтті "ҚазАвтоЖол".



Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: