Маңғыстау облысында жоғалып кеткен үш бала табылды

Жоғалған балалар, Маңғыстау облысы, табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2024 11:49 Сурет: pixabay
23 наурызда кешке қарай Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласында үш баланың жоғалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментіне 2024 жылы 23 наурызда сағат 20:30 шамасында Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында кәмелетке толмаған балалар көшеге ойнауға шығып, сол күйі үйлеріне оралмағаны туралы хабарлама келіп түскен.
Жоғалған балалар - 2012, 2014, 2018 жылы туғандар.

"Іздестіру жұмыстарына өңірлік ТЖД-ның жеке құрамының 8 адамы және 3 бірлік техника жұмылдырылды. 24 наурызға қараған түні сағат 03-40-та жоғалған балалар көрші үйдің аумағында шаруашылық құрылыс нысанынан табылды. Медициналық көмек қажет болмады". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: