Астанада кран мұнарасындағы кабина өртенді

Кран, Астана, өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2024 11:58 Сурет: ҚР ТЖМ
Астанада өрт сөндірушілер құрылыс басындағы кран мұнарасы кабинасындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

25 наурызда таңертең Байқоңыр ауданында жаңадан салынып жатқан көқабатты үйлер аумағында 12-қабат деңгейіндегі биіктіктегі мұнара кранының кабинасы өртенді.

Өрт толығымен сөндірілді. Өрт шалған аудан - 1,5 шаршы метр.

"Медициналық тексеруден кейін кран жүргізушісі ауруханаға барудан бас тартты", деп нақтылайды ведомство.

Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД-ның жеке құрамынан 8 адам және 2 техника жұмылдырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: