Су тасқыны салдарынан Қазақстан-Ресей шекарасында көлік кептелісі туындады
Сурет: pxhere
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Ресеймен арадағы шекара бекеттері алдында көлік кептелісі туындағанын ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство осы жағдайды ескере отырып, ел азаматтарына жүріс маршруттарын алдын ала жоспарлауды ұсынады.
Сондай-ақ ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметі Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Абай және Қостанай облыстарында қалыптасқан күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстан-Ресей шекарасының жекелеген бағыттарында республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарындағы көлік құралдарының қозғалысы шектелуі мүмкін екенін ескертеді.
Айта кетсек, су тасқынына байланысты екі өңірде жол жабылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript