Жаңалықтар тізбегі
0

Каспий теңізінде кен орыны маңында мұнай төгілгені анықталды

Каспий теңізі, Атырау, мұнай төгілді, экология, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2024 18:01 Сурет: pxhere
Каспий теңізінің "Қашаған" кен орыны аумағында мұнай төгілгені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпаратпен желідегі парақшасында Атыраудағы "Глобус" экологиялық-құқықтық бастамалар орталығының төрайымы Галина Чернова бөлісті.

"Ғарыш мониторинг мәліметі бойынша, Каспий теңізінде "Қашаған" кен орны маңында мұнайдың төгілгені анықталды. Осы мониторингі жұмысымен айналысатын топ бұл еуропалық Sentinel-1A жер серігінің радарына 30 наурызда (02:43 UTC) ілінген сәттің суреті екенін нақтылайды. Мұнда Қашаған кен орынының қазақстандық учаскесінде мұнай төгілгені сипатталған", деп жазды ол 1 сәуірде Facebook-тегі парақшасында.

Эколог оның мынадай себептері болуы мүмкін екенін нақтылайды:

  • өндіріс кезінде мұнайдың кездейсоқ немесе апатты жағдайда төгілуі,
  •  сақтау және кәдеге жарату үшiн құрлыққа тасымалдануы тиiс мұнай өнiмдерi бар өнеркәсiптiк судың ағуы,
  • кемелерде төтенше жағдай болуы мүмкін.

Чернованың мәліметінше, мұнай төгілді делінген аумақ шамамен 7 шаршы метрді құрайды.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме жариялады. Онда Атырау облысы бойынша экология департаменті айналаны тексеру және сынама алу үшін теңізге шығуды ұйымдастырып жатқаны айтылады.

"Аталған фактілер расталған жағдайда Атырау облысы бойынша экология департаменті NCOC компаниясына жоспардан тыс тексеру жүргізеді", - деп атап өтті ведомстводан.

Тексеру нәтижелері туралы қосымша ақпарат берілетін болады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: