Еліміздің жеті өңіріндегі тас жолдарда көлік қозғалысы ішінара шектелді

Жолды су басу, жол жабылды, ҚазАвтоЖол, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2024 09:18 Сурет: primeminister.kz
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ республикалық маңызы бар тас жолдардағы су тасқынына қатысты соңғы келіп түскен мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.


"2024 жыл, 7 сәуір, сағат 06:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының күрт жылынуы мен қардың қарқынды еруі салдарынан 5 облыстағы (Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) тас жолдардың 10 учаскесіне су жайылып, оның жалпы ұзындығы 3910 метрді құрады.  Жеті облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 17 тас жолда (ұзындығы - 801 км) көлік қозғалысына шектеу енгізілді", делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 297 бірлік техника мен 385 адам жұмылдырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: