Атырауға қосымша гуманитарлық көмек жүгі келіп жетті
Сурет: видеодан алынды
7 сәуірде Перизат Қайрат атынан "Biz BIRGEMIZ QAZAQSTAN" қоры Атырау қаласына гуманитарлық көмек жүгін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Гуманитарлық жүк ҚР ТЖМ-ның қолдауымен жеткізілді.
Ұшақ бортына су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек көрсету үшін 1000 адамға тамақ дайындауға мүмкіндігі бар мобильді ас үй, 10 моторлы қайық, 100 сорғы техникасы және 200 000 дана қап тиелген.
"Генераторлар, сорғы техникасы, арнайы киімдер, резеңке етіктер, сөмкелер және төтенше жағдайды жою үшін қажетті басқа да тауарлардан тұратын қосымша гуманитарлық көмек жүгі жеке бортпен жіберілді", делінген хабарламада.
Сондай-ақ, аталған қор эвакуациялау орындарында орналасқан 1200 адамды қолдау үшін Бейнеу қаласына фуралар жіберді. Олар үшін жеке гигиена тауарлары, азық-түлік және бір реттік ыдыс-аяқ сатып алынды.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, құтқарушылар Атырау облысы Жылыой ауданынан 28 501 адамды эвакуациялады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript