Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай облысында су тасқынының қарқыны бәсеңдеді

Су тасқынына қарсы іс-шаралар, Қостанай облысы, су тасқыны қарқыны төмендеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2024 19:15 Сурет: Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі
Қостанай облысында су тасқынының қарқыны төмендеді. Бұл туралы өңірлік ТЖД 9 сәуірде ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта Қостанай, Қарасу аудандарында және Қостанай қаласында 161 жеке үй су астында қалып отыр. Карамтомар су қоймасында судың ағуы секундына 2200 текше метрге дейін азайды. Бүгінгі таңда Тобыл өзеніндегі су деңгейі шамамен 40 сантиметрге төмендеді.

"Тобыл және Тімтуір өзендерінің бойындағы елді мекендерге ерекше назар аударылады. Облыс орталығына баратын 2 жол әлі де жабық, қозғалыс орталық көпір арқылы жүзеге асырылады. Құтқарушылардың, ЖАО, мамандандырылған қызметтер мен волонтерлердің күш-жігерінің арқасында шамамен 795 068 мың м3 су сорылып, 86 754 мыңнан астам қап, 7 351 тонна инертті материал төселіп. 9 097 адам құтқарылды және эвакуацияланды. Уақытша орналастыру пункттерінде 759 адам бар", делінген хабарламада.

Федоров, Қарасу, Қостанай, Әулиекөл, Сарыкөл және Науырзым аудандарын қоса алғанда, бірнеше өңірлерде, сондай-ақ Қостанай қаласында еріген қар суын сору және қапшықтарды төсеу жұмыстары жалғасуда.

"Қалалық, аудандық әкімдіктерде табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге келтірілген материалдық залалды өтеу туралы өтініштерді қабылдау ұйымдастырылды. Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалау жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді. Барлық күш-жігер су тасқынынан болатын залалды азайтуға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Тек өзара әрекеттесу мен ынтымақтастық табиғи апаттардың жағымсыз әсерлерін жеңуге көмектесетінін есте ұстаған жөн". Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Айта кетсек, бүгін, 9 сәуірде ТЖ жағдайына тап болған өңірлер тұрғындарына қандай әлеуметтік көмек көрсетілетіні хабарланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: