Қарағанды облысында көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен екі бала құлады
Сурет: pixabay
Соңғы үш күнде Қарағанды облысында екі бала терезеден құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарағанды облысы ТЖД мәліметінше, 13 сәуірде үш жасар қыз Қарағандыда үшінші қабаттағы терезеден құлады. Жазатайым оқиға Мәметова көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, бала ересектердің қарауынсыз болған. Бала шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды.
Тура осындай жағдай 15 сәуірде болды. Екі жасар бала да Аманжолов көшесіндегі үшінші қабаттың терезесінен құлады. Оның жағдайы "тұрақты, ауыр" деп бағаланады.
Осыған байланысты Қарағанды облысының ТЖД мынаны еске салады:
- балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!
- балалар бар пәтерде терезелерде арнайы қорғаныс құралдары болуы керек;
- терезенің тұтқасын бала өз бетімен аша алмайтындай етіп бекітіңіздер;
- бала терезеге шыға алмайтындай жиһаздың барлық түрін терезеден алысқа орналастырыңыздар;
- Есіңізде болсын, москит торы баланы құлаудан құтқармайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript