Алматы тауларында жоғалып кеткен үш адам аман-есен табылды
Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында бір күн бұрын екі ересек адам мен бір бала күндіз Малайсары асуына саңырауқұлақ теруге шығып, үйлеріне оралмаған. Олардың танысы құтқарушылардан көмек сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 сәуірде сағат 20:35-те Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы және кинологиялық есебі Алматы облысына туристерді іздеуге шықты.
"21 сәуірде түнгі 1:12-де құтқарушылар саңырауқұлақ терушілерді тапты, олар медициналық көмекті қажет етпеді. Таңғы сағат 6 шамасында құтқарушылар оларды тас жолға дейін жеткізiп, көлікпен келген өтініш иесіне тапсырды". ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі
Төтеншеліктер қандай да бір қиын жағдайға тап болып, құтқарушылардың көмегі қажет болса, 112 нөміріне қоңырау шалу керектігін еске салады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript