СҚО-да су шайған "Жезқазған-Петропавл" тас жолы қалыпқа келтіріліп жатыр
Сурет: видеодан алынды
Жолшылар республикалық маңызы бар А-16 "Жезқазған-Петропавл" тас жолының 872 шақырымындағы жол учаскесін қалыпқа келтіру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазіргі таңда жол қабатының негізін тұрақты ұстап тұру үшін үлкен габаритті тастар төгіліп, кейін оны төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, делінген "ҚазАвтоЖол" мекемесінің хабарламасында.
6732 тонна қиыршақ тасты қорға жинақтап, тас карьерін құру жұмыстары басталды.
Аталмыш жұмыстарға 56 бірлік техника жұмылдырылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 9 сәуірде қардың тез еруі және Есіл өзенінің тасуы салдарынан осы жол учаскесінде су тасқыны болған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript