Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы мен Павлодар облыстарының тұрғындарына су тасқыны туралы ескерту жасалды

Павлодар облысы, Алматы облысы, су тасқыны, ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2024 21:31 Сурет: Павлодар облысы әкімдігі
"Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі гидрологиялық болжамды жариялады, оған сәйкес 5-7 мамыр аралығында Алматы және Павлодар облыстарында су тасқыны болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ертіс өзені – Павлодар қаласы (затон) гидрологиялық бекетінде Шүлбі су қоймасынан келіп түсетін судың ұлғаюына байланысты су деңгейінің көтерілуі және қауіпті белгіден асып кетуі ықтимал. Қауіпті белгіден асқан кезде тас жолдардың, тұрғылықты елдімекендердің және шаруашылық құрылыс нысандарын су алу қаупі бар.

"2024 жылғы 5-7 мамыр аралығындағы кезеңде қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде және Алматы қаласына іргелес аумақтарда көлбеу ағынның қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі, бұл ретте өзен-көлдердің кенерінен асуы мен су тасқыны болуы мүмкін", делінген хабарламада.

Сондай-ақ су қауіпті белгілерден асқан кезде өзендердің Жайылма учаскелерінде орналасқан елдімекендерді, шаруашылық құрылыс нысандары мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі жоғары екені де хабарланады.

Айта кетсек, синоптиктер еліміз бойынша 5 мамырға арналған ауа райы болжамымен бөлісіп, дауылды ескерту жариялаған болатын

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: