Алматыда жүк көлігі мен Mercedes автокөлігі соқтығысты

Алматыда жүк көлігі мен Mercedes автокөлігі соқтығысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2024 15:22 Сурет: Zakon.kz
2024 жылдың 9 мамырында Mercedes пен Shacman жүк көлігі Майлин көшесінде соқтығысты. Жойқын күш әсерінен Мерседес жүк көлігінің астында қалып қойған. Екі көліктің жүргізушілері де ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Автокөліктердің Майлин көшесімен солтүстік бағытқа бет алғаны белгілі болды. Түсініксіз себептермен "жеңіл көлік" оңға қарай бұрылып, жүк көлігін қыса бастаған.

Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі жүргізушісі соңғы сәтке дейін соқтығысудан барынша сақтанған. Көлікті жол жиегіне дейін тақап, жылдамдығын баяулатқан. Соған қарамастан, автокөліктердің соқтығысуы орын алған.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

"Жеңіл көліктің" зақымдануына қарамастан, куәгерлер екі жүргізуші де ауыр жарақаттардан аулақ болды деп мәлімдейді. Сондай-ақ, олардың айтуынша, Mercedes жүргізушісі мас болуы мүмкін.

Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

ЖКО орнында жауапты органдар жұмыс атқаруда.

Айта кетейік, 8 мамырда Алматы маңында төрт көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: