Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исаховқа қатысты үкім шықты
Сурет: Zakon.kz/Карина Адильбекова
Пара беруге оқталды деп айыпталған Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасарына үкім шығарылды. Мақсұт Исахов ендігі сегіз жарым жылын темір тордың артында өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Соттың хабарлауынша, Исахов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары бола тұра, Шымкент қаласы бойынша ҰҚК Департаментінде әкімшіліктің лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған іс бойынша лауазымды тұлға – Шымкент қаласы бойынша ҰҚК Департаментінің бірінші орынбасары С.-ға істі қысқарту үшін аса ірі мөлшерде 200 мың АҚШ долларынан аса көлемінде пара беруге оқталған.
Сурет: Zakon.kz / Карина Адильбекова
"Жаза тағайындау барысында сот сотталушы И.-ның қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде асырауында жасөспірім балаларының болуын таныды, ауырлататын мән-жайлар іс бойынша анықталмады. Сот М.П.Исаховты аса ірі мөлшерде пара беруге оқталу бойынша кінәлі деп тауып, ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігін, 56-бабының 3-бөлігін қолдана отырып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 8 жыл 5 ай 7 күн бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Одан бөлек, Қазақстан Республикасы Президентіне мемлекеттік награда "Құрмет" орденінен айыру туралы ұсыныс енгізілді",- делінген ведомство хабарламасында.
Исаховтың қорғаушылары үкімге түсініктеме беруден бас тартты және оның бетін түсіруге тыйым салды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript