Мемлекет басшысы Вьетнамның жаңадан сайланған Президентін құттықтады
Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 22 мамырда То Ламға Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті болып сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Вьетнам Президентінің алдағы барлық бастамасына табыс, ал достас вьетнам халқына бақ-береке тіледі.
"Сіз осы лауазымда қызмет еткен кезеңде ғажап еліңіз одан әрі гүлденіп, үйлесімді және орнықты қоғам құру жолында тұрақты дами беретініне сенімдімін. Қазақстан мен Вьетнамды өзара сенім мен ортақ мүддеге негізделген тығыз қарым-қатынастар байланыстырады. Елдеріміздің мүддесі жолындағы көпқырлы ықпалдастықты өркендету үшін жаңа мүмкіндіктерді Сізбен бірлесіп пайдалануға дайынмын", – деп жазылған жеделхатта.
Вьетнамда Социалистік Республикасы Ұлттық ассамблеясының жетінші сессиясында елдің жаңа президенті болып қоғамдық қауіпсіздік министрі, армия генералы То Лам сайланды. 66 жастағы То Лам қазіргі Вьетнам тарихындағы 13-ші президент болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript