ҚР ТЖМ Атыраудағы бұзылған бөгеттің қазіргі жағдайын көрсетті
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Атырау облысында түнде қорғаныс бөгеті қалпына келтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
23 мамырда ҚР ТЖМ қалпына келтіру процесін көрсетті.
Ведомствоның мәліметінше, Жалғансай ауылындағы жағдай тұрақталды.
"Осы түнде елді мекенде қорғаныс бөгетінің шайылуы жойылды. Тұрғын үйлерді су басуға жол берілмеді. Авариялық-құтқару жұмыстарына 812 адам жұмылдырылды. Бұл Атырау, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау және Алматы облыстарынан келген құтқарушылар тобы, ТЖМ және ҚМ әскери қызметшілері, еріктілер, ІІМ және жергілікті әкімдік қызметкерлері",- делінген хабарламада.
Жол төсемінің бойында ұзындығы 800 м және биіктігі шамамен 1,5 м жер білігі тұрғызылған. Су айдау жұмыстары жалғасуда.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәліметінше, Жалғансай ауылының 143 тұрғынын өз үйлеріне қайта көшіру жұмыстары жүргізілуде.
"Сондай ақ, туыстарына орналасқан 46 адамға ауылға қауіп жоқ екендігі хабарланып, үйлеріне қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.Тұрғындарды қайта эвакуациялау жұмыстарына жалпы 2 автобус, 6 газель автокөліктері жұмылдырылуда.Бөгет қосымша нығайтылуда. Тұрғын үйлер мен обьектілерді су басу орын алған жоқ. Зардап шеккендер жоқ",- деп хабарлады ведомство.
Сурет: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Қазіргі уақытта Махамбет ауданындағы су деңгейі 1020 см.
Бөгеттің бұзылуына байланысты түнде Жалғансай ауылының тұрғындары шұғыл түрде эвакуацияланды. Олар Д. Төленова атындағы орта мектептің эвакуациялық пунктіне орналастырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript