Түркістан облысында полицей жоғалған бүлдіршінді тапты
Сурет: ҚР ІІМ
Шымкент қаласы және Түркістан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полицейі Нұрхат Күзенбаев ата-анасының қарауынсыз жүрген бүлдіршінді тауып, отбасына табыстады.
Оқиға 24 мамыр күні Бәйдібек ауданында болған. Полиция аға сержанты таңғы уақытта күндізгі кезекшілікке бара жатып, балабақшалардың бірінің алдында ересектердің қарауынсыз жүрген баланы байқап, тез арада аудандық полиция бөліміне хабар берген.
Іздестіру шараларынан соң бүлдіршіннің анасы табылды. Әйел полиция қызметкерлеріне дереу әрекет етіп, көмек көрсеткені үшін өз ризашылығын білдірді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript