Желідегі видеоға қатысты "ҚазАвтоЖол" мекемесі ақпарат ұсынды
Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде Атырау облысында су басқан жолдың видеосы пайда болды. Видеода көліктер су кешуде. Ал бір жүргізуші алға жылжуға жүрексініп тұр. Аталған тас жолға қатысты "ҚазАвтоЖол" мекемесі ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Атырау облысы республикалық маңызы бар Р-40 "Махамбет-Х.Ерғалиев" тас жолының 13-14 шақырымындағы жол учаскесін су тасқынынан сақтау мақсатында бөгет соғылуда. Аталмыш учаскеге екі бірлік тиегіш пен алты бірлік қотарғыш техникалары жұмылдырылды"."ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі
Жолда тәулік бойына кезекшілік орнатылып, екі бағытта жол қозғалысы қамтамасыз етілгені де нақтыланады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript