Алғаш рет: Алматыда өтетін велоспорттан Азия чемпионатына байланысты бірнеше күн бойы жолдар жабылады
Сурет: akorda.kz
Алматыда алғаш рет 5-12 маусым аралығында тасжол велоспорттан Азия чемпионаты өтеді. Осыған байланысты жолдың кейбір аумағында қозғалыс уақытша өзгереді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жолдың бір жағы жабылып, екінші жағында кері қозғалыс ұйымдастырылады.
Қала әкімділігінің ақпаратынша, 6-12 маусым аралығында кейбір көшелер бойында жол қозғалысында шектеулер енгізіледі.
6, 7, 8 маусымда сағат 09:00–ден 17:00–ге дейін
Б.Момышұлы көшесінің батыс жағымен солтүстік бағытта "Алматы Арена" кешенінен Сайын көшесіне дейінгі аумақта жол жабылады. Жолдың шығыс жағында кері қозғалыс ұйымдастырылады.
9, 10, 11, 12 маусымда
Б.Момышұлы көшесінің батыс жағындағы жол бойы "Алматы Арена" кешенінен Алматы индустриялық аймаққа дейін көлік қозғалысы шектеледі. Сондай-ақ, жолдың шығыс жағында кері қозғалыс ұйымдастырылады.
Жолдарды жабу кестесі:
- 9 маусым 09:00–ден 18:00–ге дейін;
- 10 маусым 07:00–ден 11:00–ге дейін; 12:00–ден 16:30–ға дейін;
- 11 маусым 07:00–ден 13:00–ге дейін;
- 12 маусым сағат 9:00–ден 14:30–ға дейін.
"Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды және маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз".Алматы қаласының баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

