Атырауда қауіп қайтқан аумақтардан құм толы қапшықтар жиналып алынып жатыр

Құм толы қапшықтар, Атырау, Жайық өзені, жағалау, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2024 19:27 Сурет: видеодан алынды
Қазіргі уақытта Жайық өзенінің орталық көпір, Авангард ықшам аудандарындағы жағалау бойындағы құм толтырылған қапшықтар жиналып алынып жатыр. Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз-хатшысы Ғасырбек Төлегеннің мәліметінше, қапшықтардағы құмдар кезінде топырақ алынған карьерлерге қайта төгілуде. Бұл жұмыстарды учаскелерге арнайы бөлінген мекемелер атқаруда.


"Атырау қаласы бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендеп келеді. Бірнеше күннен бері судың деңгейі қайта көтерілген жоқ. Сол себепті, Атырау қалалық әкімдігі тасқын су басу қауіпі жоқ аумақтардан қапшықтарды жинау жұмыстарын қолға алды", - деді ол.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: