Жаңалықтар тізбегі
0

Психиатрлар жеті жасар Милана Давыдованы өлтірді деп айыпталған анасын тексеруде

Психиатрлар марқұм жеті жасар Милана Давыдованы өлтірді деп айыпталған анасын тексеруде, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2024 16:59 Сурет: pixabay
Қызды анасы мен сүйіктісі аяусыз өлтіру туралы іс 2024 жылдың наурыз айынан бастап Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда. Алайда, қазіргі уақытта процесс тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қорғау өтініші бойынша сотталушы Т.В. Давыдоваға қатысты қосымша комиссиялық стационарлық сот-психиатриялық сараптама тағайындады", деп хабарлады Павлодар облысының прокуратурасы.

Сондай-ақ, екінші сотталушыға қатысты Павлодар облысының прокуратурасы ҚР ҚК 146-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

"Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді", - деп атап өтті қадағалау органында.

Іс сотта қарала бастағанда, ер адамға полиция қызметкерлері қысым көрсеткен, оның ішінде физикалық тұрғыда. Нәтижесінде, ол кінәсін мойындап, тек мәйітті үйдің жанына жасыруға көмектескеін айтып куәлік берді.

Бұған дейін, сот отырысында анасы мен сыбайласы жасады деген қылмыстың жантүршігерлік деректері ашылды.

Cотта 2023 жылдың 17 қарашасында сағат 12:30-да көршілес тұрған ер адам үйде ешкім болмағанын пайдаланып, Давыдовтар отбасына барғаны, үй иесі - әйел адам дәлізде көршісімен ішімдік ішіп, жыныстық қарым-қатынасқа түскенін, мектептен оралған Милана Давыдова көрген.

Реніш пен ашуға булыққан қыз бала көргендері туралы әкесіне айтып беретінін айтып айқалап, үйге кіріп кеткен. Д. қызын қуып жетіп, бетінен жұдырықтап ұрады. Қыз соққыдан құлаған бетте, анасы белдікпен ұруға көшкен. Алған жарақаттан қыз есінен танып қалған. Бұл жайтты үйге мектептен оралған інісі көрген.

Милана ес-түссіз жатқан кезде анасы көрші-танысын шақырып, оған белдікті беріп жіберген. Ер адам белдікпен баланы тұншықтырып, өлтірген. Оқушының денесін үйдің жанында болған металл цистернаның астына жасырған.

2023 жылы Екібастұз қаласының Қоянды ауылдық округі Бесқауға ауылында жоғалған жеті жасар қыз бала үш күн бойы іздестірілді. Жалпы іздестіру жұмыстарына 500-ден астам адам және 100 техника мен, тіпті ұшақ та жұмылдырылған болатын. Кейіннен баланың денесін полицейлер тапты. Милана Давыдованы өлтірді деген күдікпен анасы мен оның танысы ұсталды. Күдіктілер өз кінәсін мойындаған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: