Орал қаласында екі автобус жүргізушісі жауапқа тартылды

Орал қаласында екі автобус жүргізушісі жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2024 10:25 Сурет: БҚО бойынша Экология департаменті
Орал қаласында екі жүргізуші автобустарының атмосфералық ауаға шығарылатын ластаушы заттардың шығарындылары жол берілетін шекті мөлшерден асқаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық бұзушылықтар тексерілген 18 автобустың екеуінде тіркелді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің баспасөз қызметі Facebook-тегі ресми парақшасында жариялады. Ведомство Жол полициясымен бірлесіп Орал қаласында "Автобус" республикалық жедел профилактикалық іс шарасы аясында автокөлік шығарындыларына экологиялық мониторинг жүргізді.

Сурет: БҚО бойынша Экология департаменті

Нәтижесінде жол полициясы қызметкерлері ҚР ӘҚБК-нің 334-бабына сәйкес (Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін автомотокөлiктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану) жеке тұлғаларға қатысты әкімшілік материал толтырып, ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұған дейін Автобус жүргізушілерін медициналық тексеруден өткізудің автоматтандырылған жүйесі іске қосылғанын хабарладық.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: